Әрбір халықтың өзіндік ерекшелігі ғасырлар бойы қалыптасқан тұрмыстық, әдет- ғұрыптық салт- санадан туындайтыны секілді әр адамның да тұлғалық ерекшеліктері бар екені даусыз. Біреу өнерге, біреу әдебиетке, енді біреу техникалық мамандықтарға бейім болады, соған сай мінез- құлық ерекшеліктері де қалыптасатынын өмір тәжірибесі көрсетіп келеді. Сондықтан да еліміздің ертеңі- жас ұрпақты сапалы білім, саналы тәрбиемен қаруландырып, олардың туа біткен тұлғалық ерекшеліктерін мүмкіндігінше тиімді жетілдіре түсу әр ұстаздың басты міндеті, абыройлы борышы. Осыған орай, 2021 жылдың 09 қыркүйегінде «Қарағанды тау- кен индустриалдық колледжі» КММ- де директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абельгазина Айгуль Омаровна мен колледж психологы Демченко Алла Викторовна, сынып жетекшілер мен өндірістік оқыту шеберлерімен жаңа оқу жылында, жыл бойы атқарылатын жұмыстармен таныстырып, топпен жұмыс істеуге қажетті құжаттармен таныстырды. Сөз барысында, колледж психологы суицид себептері өзін- өзі өлтіру тәсілдері, суицидальді тенденцияларын, өзін өлтірудің жалпы сипаттарын айтты.
Д.А.Қонаевтың «Көргені жақсы көш бастайды» деген тамаша сөзі бар, колледж ұжымына, жас мамандарға бағыт- бағдар беретін, білмегенін үйрететін , жұмыста қол ұшын беретін тәрбие ісі жөніндегі бөлім мүшелері үлкен үлес қосуда.
Бүгінгі өткен жиыннан топ жетекшілер мен өндірістік оқыту шеберлері көптеген мағлұматтар алды.
Жаңалық
Топпен жұмыс
2021 ж. 10 қыркүйек
Медиа жаңалықтар
1 из 1