Вернуться к Новости и События
Новость

Ұлттық теңге – ел тәуелсіздігінің символы

2022 жылдың 15 қарашасында Қарағанды тау-кен индустриалдық колледжінің кітапханасында "Ұлттық теңге – ел тәуелсіздігінің символы " атты ауызша журнал өтті. Мақсаты: Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру. Төл теңгенің тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат беру. Студенттердің Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қол жеткізген жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін ояту. Қазақстан Республикасы – егеменді, тәуелсіз демократиялық мемлекет. Оның өз Ата заңы, мемлекеттік рәміздері және ұлттық валютасы бар. Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі – ұлттық валюта. Ол Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы.

Бүгін Ұлттық валюта – теңге күні. 1997 жылы ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 15 қараша – төл валютамыздың туған күні әрі қаржыгерлер күні болып белгіленді.

Ақша – асыл қазына, халық байлығы. Теңгенің де өз шығу тарихы бар. Ұлттық теңгені жасауға екі жыл уақыт қажет болды. Ұлттық валютаны теңге деп атауды ұсынған - Халықаралық Инженерлер академиясының академигі, Қазақстанның белгілі ғалымы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері, «Құрмет» орденінің иегері Сауық Тәкежанов еді. Теңгенің 16-ға жуық құпия қорғанысы, белгісі бар. 1993 жылы Алматыда  құрылысы басталған банкнот фабрикасы 1995 жылы толық аяқталды. 1995 жылдың 19 мамырында ресми ашылу рәсімі өтті.

Қазір Тәуелсіз Қазақстан төл валютасын өз елімізде басып шығарады.


Медиа новости

1 из 2

Другие новости и события по теме

Новость
November 15, 2022
Посещение Президентом РК, в рамках рабочей повестки, школы-гимназии № 25 имени Ильяса Есенберлина

Подробнее
Новость
November 15, 2022
Обращение Президента Республики Казахстан к народу от 6 апреля 2024 года

Подробнее
Новость
November 15, 2022
«Қарағанды тау-кен индустриалдық колледжі» КММ бос лауазымына конкурс өткізетіндігі туралы хабарлайды

Бос лауазымға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Подробнее
Новость
November 15, 2022
Қарағанды тау-кен индустриалды колледжіндегі мектеп оқушыларының кәсіби сынамалары

Қарағанды тау-кен индустриалды колледжіндегі мектеп оқушыларының кәсіби сынамалары

Подробнее

Как нас найти

+7 (7212) 35-50-81, Факс: +7 (7212) 35-50-81, +7 (7212) 35-79-57
kar-gorind@krg-edu.kz
г. Караганда, ул. Магнитогорская, строение 24/1 Показать адрес на карте
https://kgik.edu.kz/