2022 жылдың 11-ші ақпанында Қарағанды тау-кен индустриалдық колледжінде кітапханашы Қалмағанбетова Ғалия Қадырқызы мен «Қарағанды қаласының орталық кітапхана жүйесі» КММ № 8 және №31 филиал кітапханаларымен, Жаңа Майқұдық мәдениет үйі қызметкерлерімен бірге бірлесе отырып "Ауған отымен шарпылған жандар" атты кездесу кеші өтті. Іс-шараға Ауған соғысының ардагерлері – Искаков Еркін Рымбекович, Жариков Мұрат Қабышұлы және Семенов Владимир Викторович қатысты.
Кеш сахнасын Д.Саятқызы мен Т.В.Алексеева ашты. Ауған соғысында қаза тапқан батыр ағаларымыз 1 минут үнсіздікпен еске алынды. Колледж кітапханашысы Ғалия Қадырқызы Ауған соғысы ардагерлерін келе жатқан мерекелерімен құттықтады. Студенттер іс-шара барысында ауған соғысы жауынгерлеріне өздерінің сұрақтарын қойды. Искаков Еркін Рымбекович ең қиыны алыста қалған ата анама ауыр тиді деп жауап қатты. Ауған оқиғасының тарихи мағынасын жүргізуші Т.В.Алексеева баяндады. «Ауғандағы азап шеккен арыстар» атты көрме қойылып, А.С.Аждарова шолу жасап өтті. Жаңа Майқұдық мәдениет үйі қызметкерлері Кәрім М. «Көк тудың желбірегені» әнін әуелете шырқаса, А.Омаровтың орындауында «Туған жер» әндерімен «Нұрби» ансамбльінің орындауларында «Шашу» биі тамашаланды. Кеш қонақтары – ардагерлеріге батырлық ерлік істері үшін басымызды иеміз!