2022 жылдың 18 сәуірінде Қарағанды тау-кен индустриалдық колледжінде математикалық сауаттылық апталығының ашылуы жиыннан басталды. Функционалдық математикалық сауаттылықты қалыптастыру, оқушылардың танымдық және шығармашылық белсенділігін дамыту, математикалық білім беру сапасын арттыру мақсатында түрлі іс-шаралар жоспарланған. Бірінші курс студенттері арасында «БЕС ПЛЮС» тақырыбына МАТЕМАТИКАЛЫҚ КВЕСТ өткізілді. Аталған іс-шараға келесі топтардың студенттері қатысты: ЭСП-1-21, СД-1-21, КИП-1-21 барлығы 20 адам.
Іс-шараға жауапты ЖБП ЦӘК төрайымы А. Т. Алибекова және математика пәнінің мұғалімі Бадуан Ж.